Қаңтардағы Қазақстанның банк секторы: негізгі көрсеткіштер
Фото: АР
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында 21 екінші деңгейдегі банк бар, оның ішінде 12 банк шетелдің қатысуымен, оның ішінде 9 еншілес банк, деп хабарлайды DKnews.kz.
Банк секторының активтері 2024 жылы негізінен несие портфелінің 20,0-ға өсуі есебінен 61,6 трлн теңгеге дейін 19,7%-ға ұлғайды (2024 жылғы желтоқсанда 4,0%-ға өсу).
2024 жылдың қорытындысы бойынша екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі жоғары активтері 18,2 трлн теңгені немесе активтердің 29,6%-ын құрады , бұл банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Екінші деңгейдегі банктердің экономикаға берген кредиттері 2024 жылы 20,9%-ға ұлғайып, 33,8 трлн теңгені құрады (2024 жылғы желтоқсанда 2,6%-ға өсу).
2024 жылы ұлттық валютадағы кредиттер 19,5%-ға 30,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды, АҚШ долларының теңгеге қатысты 15,5%-ға нығаюы аясында валюталық кредиттерді оң қайта бағалау себебінен шетел валютасындағы кредиттер 37,2%-ға 3,0 трлн теңгеге дейін өсті. Нәтижесінде 2024 жылы теңгемен берілген кредиттердің үлес салмағы 92,3%-дан 91,2%-ға дейін азайды.
2024 жылы екінші деңгейдегі банктер барлығы 36,2 трлн теңгеге жаңа кредиттер берді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 19,5%-ға артық. Бұл ретте, 2024 жылғы желтоқсанда 3,8 трлн теңге берілді, бұл өткен аймен салыстырғанда 10,2%-ға артық.
Бизнес субъектілеріне берілген кредиттер сақталып отырған жоғары пайыздық мөлшерлемелерге қарамастан 2024 жылы 16,3%-ға 13,1 трлн теңгеге дейін өсті (2024 жылғы желтоқсанда 3,9%-ға өсу). Бизнеске кредиттер портфелі өсімінің негізгі драйвері 46,6%-ға 2,3 трлн теңгеге дейін ұлғайған дара кәсіпкерлерге берілетін кредиттер болып табылады.
ШОБ субъектілеріне қарыздар 2024 жылы 13,1%-ға 6,5 трлн теңгеге дейін өсті (2024 жылғы желтоқсанда 4,9%-ға өсу), ірі бизнеске қарыздар 9,2%-ға 4,4 трлн теңгеге дейін өсті (2024 жылғы желтоқсанда 2,8%-ға өсу).
2024 жылдың қорытындысы бойынша бизнеске кредиттердің өсуі ақпарат және байланыс саласын қоспағанда, экономиканың барлық салаларында байқалады. Өнеркәсіпте кредиттер 31,1%-ға 4,4 трлн теңгеге дейін (2024 жылғы желтоқсанда 7,7%-ға өсу), саудада – 18,9%-ға 3,5 трлн теңгеге дейін (2024 жылғы желтоқсанда 4,4%-ға өсу), құрылыста – 14,5%-ға 0,7 трлн теңгеге дейін (2024 жылғы желтоқсанда 5,5%-ға өсу), көлік саласында 8,9%-ға 0,9 трлн теңгеге дейін (2024 жылғы желтоқсанда 2,6%-ға өсу) және басқа да қызмет көрсету салаларында – 3,7%-ға 3,0 трлн теңгеге дейін өсті (2024 жылғы желтоқсанда 2,6% өсу).
Бұл ретте негізінен ақпарат және байланыс саласында жоспарлы өтеулерге байланысты кредиттік портфельдің 25,1%-ға 0,2 трлн теңгеге дейін төмендеуі байқалды (2024 жылғы желтоқсанда 20,2%-ға өсу).
2024 жылы бизнес субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер 18,2 трлн теңге сомаға жаңа қарыздар берді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 17,2%-ға артық. Бұл ретте 2024 жылғы желтоқсанда 2,1 трлн теңге берілді, бұл өткен аймен салыстырғанда 15,4%-ға артық.
Бизнестің кредиттік өтінімдерін қарау процестерін цифрландыру және оңайлату, сондай-ақ банктердің скорингтік модельдерін жетілдіру жөніндегі банктердің белсенді жұмысының нәтижесінде бизнеске кепілсіз кредит беру үлесінің өсуі байқалады, олардың жаңа кредиттер берудегі деңгейі 2023 жылғы 17,8%-дан 2024 жылы 20,5%-ға дейін өсті.
Халыққа берілген кредиттер 2023 жылы 26,7%-ға өсумен салыстырғанда бәсеңсіп, 2024 жылы 23,9%-ға ұлғайып, 20,7 трлн теңгені құрады (2024 жылғы желтоқсанда 1,7%-ға өсу).
Халыққа берілетін кредиттер құрылымында ипотекалық кредиттер 2024 жылы 14,5%-ға 6,1 трлн теңгеге дейін өсті. Ипотекалық портфельдегі нарықтық бағдарламалардың үлесі 2023 жылмен салыстырғанда 26,6% — дан 30,2%-ға дейін ұлғайды.
2024 жылы тұтынушылық қарыздар 2023 жылғы 34,2%-дан баяулап, 33,5%-ға 13,8 трлн теңгеге дейін өсті (2024 жылғы желтоқсанда 1,9%-ға өсу).
2024 жылғы желтоқсанда бизнес субъектілеріне ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 19,7%-ды (2023 жылғы желтоқсанда – 19,6%), халыққа – 17,0% (2023 жылғы желтоқсанда – 16,8%) құрады.
2024 жыл қорытындылары бойынша екінші деңгейдегі банктердің несие портфелінің сапасы жоғары деңгейде қалып отыр. Мәселен, 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың (NPL90+) деңгейі несие портфелінен 3,1%-ды немесе 1 094 млрд теңгені құрады (2024 жылғы 1 қаңтарда – 2,9% немесе 864 млрд теңге).
Бизнес субъектілеріне берілген қарыздар портфелі бойынша NPL90+ қарыздардың үлесі 2,1%-ды немесе 304 млрд теңгені құрады (2024 жылғы 1 қаңтарда – 2,3% немесе 289 млрд теңге), ал халыққа берілген кредиттер портфелінде - 3,8%-ды немесе 790 млрд теңгені құрады (2024 жылғы 1 қаңтарда – 3,4% немесе 575 млрд теңге).
Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен өтеу деңгейі жоғары қалпында сақталуда және 67,0%-ды құрайды (01.01.2024 ж. – 76,0%).
Банк секторының міндеттемелері 2024 жылы негізінен заңды тұлғалардың салымдарының 22,1%-ға өсуі есебінен 18,1%-ға 52,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылғы желтоқсанда 4,2%-ға өсу). Банк секторы міндеттемелерінің құрылымында негізгі үлес – 80,7% немесе 42,5 трлн теңге клиенттердің салымдарына тиесілі.
2024 жылдың қорытындысы бойынша депозиттік ұйымдардағы резиденттердің депозиттері 19,1% - ға 41,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылғы желтоқсанда 7,1% — ға өсті). Бұл ретте жеке тұлғалардың депозиттері 19,9% – ға 22,6 трлн теңгеге дейін (2024 жылғы желтоқсанда 6,1% — ға өсу), заңды тұлғалардың депозиттері 18,2% — ға 18,7 трлн теңгеге дейін өсті (2024 жылғы желтоқсанда 8,3% — ға өсу).
Ұлттық валютадағы депозиттер 20,3%-ға 32,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылғы желтоқсанда 7,9%-ға өсу), шетел валютасында – 15,2%-ға 9,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылғы желтоқсанда 4,5%-ға өсу). Нәтижесінде, долларлану деңгейі 2025 жылғы 1 қаңтарда 22,5%-ды құрап, төмендеуін жалғастыруда (2024 жылғы 1 қаңтарда - 23,2%).
Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған мөлшерлемесі 2024 жылғы желтоқсанда 14,0%-ды (2023 жылғы желтоқсанда – 14,6%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 13,2%-ды (2023 жылғы желтоқсанда – 13,7%) құрады.
Банктердің меншікті капиталы 2024 жылы 29,6%-ға 8,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылғы желтоқсанда 2,4%-ға өсу). 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 20,4%-ды, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) 22,0%-ды құрады, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді өтеуді қамтамасыз етеді.
2024 жылдың қорытындылары бойынша банктердің таза пайдасы 2,6 трлн теңгені құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 17,1%-ға артық. Банк активтерінің рентабельділігі (ROA) 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 4,6%-ды (2024 жылғы 1 қаңтарда – 4,7%), капиталдың рентабельділігі (ROE) – 32,5%-ды (2024 жылғы 1 қаңтарда – 36,7%) құрады.
ҚНРДА қаржы Банк секторы активтер несиелер банктер